Соғыс тауқыметін, қан майданды бастан өткерді. ~ Танкке қарсы таяқпен Арпалысып күресіп, Діңкелеткен біз едік. Ынтымақты табанды, Құрыш тәртіп болатты, Бұлжытпастан бұйрықты, Жалтартпастан жарлықты, Белуардан қан кешіп, Намыс туын көтеріп, Жалғыз да болсаң алтауға, Шыдап көрген біз едік. Б.Мом. ~ «Біз майданда болдық. Белуардан қан кештік. Тылда жүріп, көз жасымызды көл еттік. Күн-түн демей еңбек етіп, жеңіс үшін тер төктік. Осының бәрін біз тарих алдында, Отан алдында, адамгершілік, намыс алдында ақ ниетпен азаматтық борышымызды өтеу үшін істедік. Сөйтіп оны абыроймен ақтадық. Бұл Жеңіс бізге арзанға түскен жоқ». Б.Мом.
