А) Әлдебір қиын іске кіріспекке бекінді; біржола шешім қабылдады.~ Ер жігіт өнер табар ерте қуса, Ерініп шаршамастай, белін буса. М.Жұм. ~ Ел баласы егіз бола бермейді. Ол көбінесе жалқы туады. Өйткені оны халқы туады. Ол елім деп белін буады. Атаның жолын қуады. С.Бақ. ~ Барымташыларды түрмеден шығарып алып қашу. Жайынбек сабазың әйтеуір бір ерлікке белін буған екен. С.Жүн. ~ Қаланың тыныс тіршілігін көріп жатырқағанын білдіртпей белін бекем буып,еті тірі қала тұрғындарындай күйбең тіршілікке сіңіп кетті. А.Әлт.
Ә) Белін қатты тартып алды. ~ Шешесі белін бекем буып, белбеуіне жыңғыл сапты балтасын қыстырып, сексеуіл сайға тартты. С.Елу.
