Белі құрыстанып, жаза алмай қалды. ~ Қарап тұрып белі шойырылған шалды аяп кетеді. Жалма-жан сөмкесін атып ұрып, айырды қолға алып, қураған шөпті шаншып, аяғы-аяғына жұқпай тасиды келіп. Д.Дос. ~ Онсыз да қаусап тұрған байғұс орнынан тұра алмай қалды, түнімен қақсап шығатын белі шойырылды ма, безек қақты. А.Смай.
