Тағдырдың аумалы-төкпелі, қуаныш пен қайғы қатар жүретін мінезі туралы. ~ Зобалаңға толы тіршілік дүниесін мансұқ еткен ғарып көңілдің пәни әлеммен қоштасардағы ақтық сөзін бергі беті жарық, арғы беті қараңғы тағдыр талқысына ұсынған майда күбіріндей бір сыңғыр сұңқыл жүгірді ішектердің бойына. Ғ.Біл. ~ Жарайды, аман жүрсең болғаны, ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді?! Бір күн сыртын берген дүние-жалған тағы бір күні ішін де береді. Бір тәуліктің бір беті жарық, бір беті қараңғы. Мойып қамығатын дәнеңе жоқ. Ғ.Біл.
