Жақсылық, байлық, тоқшылық, ырыс атаулының негізі, көзі. ~ Ақсақал былайғы кезде күнделікті шаш етек шаруаның жетегінде жүріп, көзіне көрінбей келіп, босағасына бұрылып, дастарқанына түсіп жатқан береке басы – қара нанның, қара шайдың қадіріне жетпей… әлгі ырыс-несібені кептер секілді басынан байқамай ұшырып алғанын кеш түсінді. Д.Дос. ~ Енді біреулері қаптап қойған жүнін, терісін саудагерге көрсетуге құлшынатын. Қос алақанын ысқылап: «Береке басын бұра гөр! Қыстайғы, жаздайғы бейнетіме сөлкебай тисе, шала байып шыға келер едім», – деп дəмеленеді. С.Досж. ~ Задында, əр үйдің берекесі сол үйдегі бір адамда тұрады. Үй ғана емес– ау, барлық Əуез үйелменіндегі бар береке осы шалдың бір өзінде ғана. Сол Береке басының киелі қасиеті оның үрім– бұтағының біріне– бірі жалғасқан ұзақ сапарында осынау əулет пен зəузатқа жан байлығы боп орныққан рухани құндылықтарды осылардың бүгінінен ертеңіне апаратын жалғызаяқ соқпақ тəрізді жылғалап жүріп отырады. З.Қаб.
