Posted in

БЕРЕКЕ БЕРСІН

а) Қайырлы болсын, игілігін көрсін. ~ Сексеннен аса бергенде Қайрылмас қаза келгенде Батырың өлді – Бөгенбай! – дегенде Абылай жүрегі қабынып, не дерін білмей, сілейіп отырып қалған. Бөгенбай–сынды батырдың Береке берсін артына–ай, Сабыр берсін халқына–ай, Жасаған ие жар болып, Бейіште нұры шалқығай – деген ең ақырғы жыр шумағын әзер тыңдады. І.Ес.
ә) Біреудің жөнсіз ісін (сөзін, кейпін) ұнатпағанда айтылатын, “әйтеуір аман бол, алдыңнан жарылқасын!” деген мағынадағы кекесін тілек. ~ Жігітке қол ұсынбақ түгілі мінін бетке басады. — Жатыстарыңызға береке берсін. Жау қайтарғандай қалжырап қалған екенсіз, мазаларыңды алмайық. Б.Мом. ~ «Ол әлгі пәленше ғой» дейді маған есеп бергендей. Пәленшеңізге береке берсін. Танымасам да танығандай бас изеймін. Қ.Жиен. ~ Құбыланама жақтан шыққан машина да кеп тоқтады. — Сағатпысың? Иә, Теміреш. Қасыңдағы?Дария?.. Сақалыңа береке берсін, шырағым! Ғ.Сл.