Бері қарай жүрді, жақындады. ~ Елшіні шақырып кел дейді. Әне, хан ордадан ол ұры тазыдай жылмың етіп қайта шықты. Әне, бері беттеді. Емпеңдей басады. Сонша неге асығады екен! Ә.Кек. ~ Төрт қатардан сап құрған, құмырсқадай қалың әскер асқақ жорық жырын жаңғырта, батальон-батальонымен бері беттеп, ойнақтап басқан. Ж.Ахм. ~ Енді мына келе жатқан, аяқ жетпес, көз жетпес алыстан бері беттеген бала-шағаларын қарсы аларда екі көзден сығып шығарар тамшы жас табыла қояр ма екен? Ғ.Біл.
