Posted in

БЕТКЕ ШЫҒАРЫ

Бір ортаның маңдай алды жақсысы, беделді, абыройлы адамы. ~ Әпен – осы ауылдың бетке шығары. Ол өзі майданда қанын төгіп, жараланып келген жігіт. Бір қолы — жарымжан. Көкіп көп сөйлемейді. Бетімен ақыл айтып та шашылғанын көрген емен. С.Шай. ~ Тоқтыбай жұрт түгел естісін дегендей дауысын көтеріңкіреп қадала сұрады: — Күллі Жетісу өлкесінің бетке шығар азаматтары Білдебайды, Қошақанды, Жуан Қалиды жәбірлегенін көзіңмен көргенің рас қой? — Рас, — деді Кәдірқұл төмен қарап күрсініп. ~ Торшолақ бала түбектегі ауылдың осы өңірдегі игі жақсыларын жиып алды. Осы өңірдің бетке шығар ақсақал, қарасақалдарының басын қосып отырып, оларға Чернов деген генералдың көп әскерімен қазақ жеріне кіргенін айтты. Ә.Нұр.