Posted in

БЕТКЕ ШІРКЕУ БОЛДЫ (ТҮСТІ)

Ұятқа қалдырды, абыройын төкті. ~ Соның бәрін ақ патшаның ұлықтарына әбден жеріне жеткізіп түсіндіріп айтып берейін десе, баяғы бір қалмақ, баяғы бір башқұрт оқиғалары… Бетке шіркеу болып шыға келеді. Ә.Кек. ~ Ол ана дүниеге барғанда, таңда махшар күндерінде Демежанмен қайтадан қауышам деп ойлайды. Өзін соған қалтқысыз сендіріп қойған. Ол үшін құдай алдында бетке шіркеу болатын бірде- бір қате жібермей, аяғын шалыс баспай, пенделік, жұбайылық парызын адал атқарып баруы керек. Қ.Жұм. ~ Түкке түсінген жоқсың. Сосын өзіңше долбар жасап, бұрынғы семьясы бетке шіркеу боп, басқа жаққа лажсыз жүз тасалай тұруға мәжбүр болды ма деп ойладың. Ә.Нұрп. ~ Дос-жарандардың ішінде Аханның жолы бөлек еді, ол қай мезгілде келем десе де, қашан келіп, қашан кетем десе де Дәмеш қабақ шытқан емес. Керісінше, ақымақ бас аяқты қайда апармайды, қиуасыздан бетке шіркеу түскенде дос-жаранды «пропуск» етіп үйге қайтатынбыз. Қ.Ысқ.