Posted in

БЕТПЕ-БЕТ КЕЛДІ

Тура алдынан шықты, жүзбе-жүз ұшырасты, қарсы тұрды.~ Көршілерін қасқыр шапқан қойдай дүрліктірген Шыңғысханның әскерімен де майдан даласында сан мәрте бетпе-бет келіп, атойлап айқасқа кірді. Д.Рам. ~ Екеуі де мынау тар да тайғақ жолда әлі де сан рет бетпе-бет келетінін, мына қылықтары қара қазан, сары қарын баланың қамы, ел сауғасы емес, өздері сезіп-сезіктеніп, зердеге сап бағамдап көрмеген жалған намыс пен жарға жығар кекшілдіктің итаршылдығы екенін, бастарына іс түсіп, тағдыр гүрзісі төнгенде ғана, аһ ұрып, жұртта қалған күшікше ұлитындарын болжамады. О.Бөк. ~ Соңына сүркіл салып қуғынға түсіргені, құзға қамап құрдымға құлатқаны еміс-еміс түйсігінде. Сол бітіспес жан алғыш- пен бетпе-бет келіп тұрғаны бір бұл емес. Ө.Кәр.