Posted in

БЕТТЕН АЛЫП, ТӨСКЕ ШАПТЫ

Бет қаратпады; әкіреңдеді, ожар мінез танытты. ~ Кетікті бітеп, кемістікті білдірмей тұрған осы Төлеп емес пе? Бар айыбы — жуастығы. Бірақ жуастық айып па екен? Егер әр соққан темірін алтынға балап, атырылып беттен алып, төске шауып тұрса не істер едің? Көнесің ғой. Ұстаны қайдан табасың? К.Қаз. ~ Тергеуші мүдірді. Салған жерден өтіп тұратын сұрапыл әйелдерге тізгінді өздеріне бере отырып сөйлеспесең, беттен алып, төске шапқаны шапқан деп ойлады ол. Н. Дәу. ~ Шалың тор шолақты сабалап ұзай берді. Қызбалтай, Қызбалтай… Беттен алып, төске шауып тұрған Қызбалтай… Бет моншағы үзілген Ақтамақ… Досмағанбеттің жүрегі шаншып кетті. Н.Дәу.