Posted in

БЕТІМЕН ЖЕР БАСТЫ

Ұяттан жерге кіре жаздады. ~ Жапар iнiсiне түсiн бермей алдыға қараған қалпы мұз құрсанып, сұлқ отыр. Оның iстеген iсiне өкпелi, тiптi, ағайын-туғанның алдында ұятқа қалып, бетiмен жер басқанын ұғындырды. Ә.Ыб. ~ Ояу жатыр. Бұл – анық. Бірақ өкпелі. Күндіз одаққа барғанын, бетімен жер басып кері қайтқанын осы үнсіздіктен білді. Өлген деген – осы. Өкіріп жылағысы келді. С.Әб. ~ Ертеңіне Ханбибі Шонаевнаның алдында отырды бетімен жер басып. С.Досж. ~ Жағада кір жуған әйелдерге де тура қарай алмай, бетімен жер басып жүргенде, Жолдыбай ұрын келген соң, өткелден өткен Қымбат, кекететіндермен кездескенде маңғазсып, оларға басын изеп паңданып өтетін. Т.Рыс.