Posted in

БЕТІМЕН ЖІБЕРДІ

Жаман жолдан тия алмады; тізгінді босатып алды, ырқына жіберді. ~ «Апырау, айнала тола егін екенін біле тұра, малды бетімен жіберген қай қостаппағыр екен» деп кіжінді. С.Мұр. ~ … саған өкпем жоқ, тәңірім, беттен қақпай бетімен жіберген кенже ұлың едім, ұлы іске машықтанбай, мынау сартаптанған өңірді көк желекке бөлемей, ұлып қалдым. О.Бөк. ~ Әй, дегенмен, жастардың көпшілігін өз бетімен жіберіп, дүниенің парқын сезінуден адастырып алдық- ау, тәрізі. С.См.