Шектен шыққан жүгенсіздік туралы; жөн-жосықсыз кетті. ~ Адам жүгенсіз бетімен кетсе, адамдыққа лайықсыз талай қылмысты істейді. Сондықтан адам жалпыға бір канонға (закон) мойын үсынуға керек. Ж.Айм. ~ Қоғам бетімен кетті ғой, қарындас. Қолында билігі бар, қалтасы томпақтар үшін екі дүние — бір қадам боп тұр ғой, қарындас. Қ.Түм. ~ Соғар да екеуін соққысына жығар. Бақташысыз бетімен кеткен қой емес, қағушысы бар дөңгеленген ел екенін білсін. Білсін де тынсын. С.Смат.
Ардан, ұяттан безгендік; жөнсіздік, көргенсіздік. ~ Алдабергенов жолдас үшін Совет үкіметінің заңы, партияның қаулы-қарары жүрмей ме? Жоқ, жолдастар, бұл бас бұзарлық, бұл бетімен кеткендік. С.Бақ. ~ Батыс елдерінде оқушыға мектепке еркін киініп, сынып ішінде еркін жүруге, тіпті мұғаліммен сөзге келуге рұқсат етілген. Бұл бетімен кеткендік. Бұған жол бермеу керек. Ұстазды сыйлау қажет. Н.Наз.
