Posted in

БЕТІНДЕ ҚАН ЖОҚ, СӨЛ ЖОҚ

Өңі сұп-сұр, қуқыл тартқан. ~ Үйге шегір көз, бетінде қан жоқ, сөл жоқ, қатқан сары жігіт кірді. Түрі кісі өлтірген адамдай сұсты екен. Есіркегеннің бойы әлденеге дірілдеп кетті. І.Ес. ~ Өзі жоқта Ақбөкенді Наурызбайдың алғанын Байтабын естіген тәрізді. Әзер жүріп келеді. Бетінде қан жоқ, сөл жоқ, тістеніп алған. Ал Кенесары жаққа тесіле қараған көзінде бір ғажайып қайғы тұна қалған. І.Ес. ~ Күн шалмаған боп-боз бетінде қан-сөл жоқ, көзінің айналасында білінер-білінбес күлгін көлеңке бар, қуқыл – сарғыш реңді бет-әлпетін түгелдей май басып, немесе ісініп кеткендей. Л.Тол.