Posted in

БЕТІНДЕ ҚАН ЖОҚ

Жүзі қуқыл тартып, сұрланып кеткен. ~ Шөмішпен пеш ішінде сақылдаған мысты көсіп алып көтергенде жез қармақша иіледі. Боран үдей түседі, маңдайдан тер суша құйылады. Бетінде қан жоқ, сұп-сұр. Денесінде жөнді ет жоқ, сіңір… Ғ.Мұст. ~ Міне, сөйтіп, жұмыстан бір күні тізіліп қайтып келе жатыр едік… «Славодканың» бір кішкентай, жапырайған пәтерінің алдында бір қазақтың әйелі шығып тұр екен. Қабағы қатқан. Бетінде қан жоқ. Жанына ауыр қайғы батқан тәрізді. С.Сей.