Posted in

БЕТІНЕН (ЕКІ БЕТІНЕН) ҚАНЫ ТАМҒАН

Жүзі шырайлы, ажарлы. ~ Сұңғақ бойлы, екі иығына екі кісі мінгендей құлаш жаурын, тіп-тік келген, ат жақты, екі бетінен қаны тамған аққұба түсті. І. Ес. ~ Жаңа ғана жігіттердің бәрін оригинал деп мақтағаның қайда? Апайларымыздың да бетінен қан тамып тұр. М.Қаб. ~ Екеуінің алғаш қосылған кезі Уәзипаның әлі күнге көз алдында. Ол күндерде бұл отыздың мол ішінде болса да, құрсақ көтермегендіктен екі бетінен қаны тамған керім келіншек болатын. С.Мұр.