Posted in

БЕТІНЕН НҰРЫ ТАМҒАН

Ақпейіл, сұлу жүзді. ~ Бірі – қазақтың кəдімгі қарауға көз керек дейтін, бетінен нұры тамған, мағжаншыл ақын Шаңғытбаевтың «Нұрдан туған, һүрден туған» деп талықсып-тамсана жырлайтын, тек бет пішінінде ғана емес, күллі дене мүсінінде бір де бір осы қалай жері жоқ, жасы да шамамен сол қайран жиырма бестің өзі болар- ау… қой, не айта беретіні бар, мінсіз сұлу келіншек. З.Қабд. * Айтуардың жүзінен нұры төгіліп тұр, күнәкар деуге қалай аузы барады. “Тіфә-тіфә! Әне бір дәрігер бойжеткеннің бетінен нұры тамып, аяқ астынан көкейіне құрт түсіргені ғой қараптан-қарап. Д.Досж.