Posted in

БЕТІНЕН ОТЫ ШЫҚТЫ

Қызарып кетті; қатты ұялды, қысылды. ~ Сендей қызды солай сүй… үйрету керек деп қарап отыр. Бетімізден отымыз шықты. Ж.Айм. ~ Жарықтығым, енді қайтсайшы, тəубе-таупиыққа келсейші… Мүйізің шыққандай болды ғой… Міне, жұрттың сенен тілейтіні осы… – деп сөзін аяқтады. Əзір арсыз болса да, Қасымның бетінен оты шықты. Қайтсін: бəрі де сақалды басымен мойын салып отырғансын… Ж.Айм. ~ Дүйсековтің үйінде өткен мазасыз кеш қазір есіне түссе, бетінен оты шығады. О.Сәр. ~ … – Сонымен, жазға салым ауылға ағатайым келді. Мен әлі әкеме көріне алмай, Ұрқияның үйінде жүруші едім. Әңгіменің бәрін ағатайым естіпті. Әкемді көндіріп, ағатайым үйге алып келді… Бетімнен отым шығып әрең бардым.
Ж.Айм.