Posted in

БЕТІНЕ ТАҢБА ТҮСІРДІ

а). Намысын аяққа басты, қорлады. ~ Күзеттім дүкеніңнің пұлы бар деп, Бір нәрсе ұрдың ба, ата, ұрлады деп. Апарып алтыныңды боққа тықсаң, Кетер ме ең алмай тастап былғанды деп. Арты түгіл, бетіне таңба салдым, Мәнісін ойланбадың ұрған-ды деп. БС “Болат, Жанат”.
ә) Бетін жарақаттады, дақ түсірді. ~ Сонда ықылым заманнан келе жатқан үрдісті бұзып жілік шатыстырсаң, маңдайыңнан бұзау тіс қамшымен бір ақ тартып, айдап шығады. Бетіне таңба түскені ештеңе емес, сені тапқан ата-ана тірілей жерге кіреді. Ә.Кек. ~ Есберген «есемді қайтарам» деп елірген Қаражігітке ермей қалды. Кейде тіпті оны қуып жетіп, «Кейін қайт! Маған Қайыптың қатынының керегі жоқ!» деп, орта жолдан кері қайтарғысы да келеді. Бірақ, бетіне таңба түсірген Бегейдің бас бұзарлығын қалай жазасыз жібермек?! Ү.Жлк. ~ Сауербериге де аямасын деп айтыңыз. Көзін көгертіп, бетіне таңба түсірмей одан ештеңе шығара алмайсың, — деді ақ кеудешелі жентльмен. Ч.Дик.