Posted in

БЕТІНЕ ТУРА ҚАРАЙ АЛМАЙДЫ

Ұялып, әлде жасқанып, жүзін төмен салады. ~ Берік жон арқасын беріп әлі тұр. Балаша ызақорланып көзіне жас алғанына ұялғандай, жігіттердің бетіне тура қарай алмады. Б.Тоғ. ~ Қолында жамаулы тостағаны бар, жалаң аяқ, жалаң бас, бұтындағы дамбалы өрім-өрім, он екілер шамасындағы ер бала бұлардың жанына келді. Жазған баланың назары төменшіктеп, кісінің бетіне тура қарай алмайды. Төмен қарап тостағанын созып тұр. С.Ел.