Posted in

БЕТІНЕ ТҮКІРДІ

Әлде біреуді (бірдеңені) жек көретінін, одан еш қорықпайтынын көрсетті. ~ Ханның алдында қалтырап тұратын дәстүрдің бетіне түкіріп, қасқайып шыққан ер Сырым… Осыдан он жылдай бұрын еді. З.Шүк. ~ Революционерлер оттан, судан қорықпайды. Айлар, жылдар бойына қол-аяғы кісенделіп түрмеде жатады. Аш-жалаңаш болады, неше түрлі қинау көреді. Сонда да дұшпандарының алдында тізе бүгуді, жалынуды білмейді. Өз дегендерінен қайтпайды. Өлімді қасқайып, бетіне түкіріп қарсы алады. Б.Соқ.