Posted in

БЕТІНІҢ НҰРЫ ТАЙДЫ (ҚАШТЫ, СОЛДЫ)

Жүзі солғын тартты, жүдеді, кәрілік іздері байқалды. ~ Өткенді еске түсіретін жалғыз белгі осы… Жылдар өтіп жатыр. Рахима да бұл күнде бетінің нұры тайып, кемпір болуға айналды. Қ.Жұм. ~ Көрдік деген қала тұрғындарының айтуына қарағанда, Нұртай көтермеге шалдыққан ешкідей имиіп, бетінің нұры қашып, мейлінше жүдеп шығыпты. С.Ом. ~ Байғұстың, ешнәрсеге көңілі жар бермей, жөнді тамақ іше алмай, алмадай қызыл бетінің нұры солып, жұртта қалған қу шүберектей бозарып, өлім хәліндегі ауру адамдай ғана күйі қалды. С.Көб.