Posted in

БЕТІНІҢ НӘЛІ (нұры) БАР

Көрікті. ~ Қарашыларды шаруашылық және хұқықтық істерде құл ғып ұстайтын Шепе әдеттік тіршіліктерінде де оның ойынша, қарашылардан бетінің нәлі бар қыз-келіншек, ең алдымен – соның меншігі. С.Мұқ.

Албырт жүзінде жастық оты алаулап тұр. ~ «Жастықтың қадірін білмейді. Өткінші тірлік, шайқап өту абзал. Шіркін, мұның орнында өзім болар ма ем. Белі қылдырықтай, бетінің нұры бар қыздарды… Айтып айтпай не керек, хош иісті гүл емес пе. Мына шіркін соларды уақтылы жұлу күнә дей ме екен?» М.Сүн.