Ұят-аятсыз, намыссыз, ештеңеден тайынбайтын сыңайы бар. адам ьураллы.. ~ Шарт етіп шамырқанғыш, шамшыл аға, Қайғымды мен айтпайын, сен сұрама. Бетінің қытығы жоқ безбүйректің, Етінен ет кессең де қан шыға ма?! Н.Айт. ~ Жек көрем, — деді досым, — Быттиған, қытығы жоқ беттерін, болпиған денелерін көргенде құсқым келеді. Ненавижу! Өлгендерге ғана қайғырады бұлар. Т.Әс. ~ Бетіңде титімдей қытығың болса, қайтарып бер жазықсыз елдің малын. С.Жүн. ~ Ал енді, адамдардың арамы, ойларының харамы, бетінде қытығы жоқ, кірпік қақпастан, кез-келген нәрсені жым-жылас етіп кете салатын ұры-қарылар ше? Олар түзу жолдарынан тайғанақтап, қисалаңдап келіп, байлықтың, алтынның үстіне гүрс ете қалады екен. А. Абдр. ~ Би десе арқасы қозатын әдеті Бахтиярдың. Кішкентайынан мектеп сахнасында билеп бетінің қытығы әбден өлген, ешқашан жүрексініп, тартыншақтап көрген емес. Т.Сәу. ~ Жан-тәніммен жатырқаған базарға бірте-бірте етім үйреніп, бетімнің қытығы өле бастады. Т.Сәу.
