Әшкереледі, ел алдында масқаралады, қарабет қылды, бар қылмысын жұртқа жариялады, бетіне басты. ~ Бәрі де жаңағы айтқандай: “Оразбайдың бетін айдай қыламыз, айыпты етеміз, сол айып-қиыбымен Абайдың аяғына әкеп жығамыз”, – дескен еді. М.Әу. ~ Елді қан қақсатып бар сұрқия қаскөйлігін панасыз жігіттердің басына төккен болыс қылығын әшкерелеп, жұрт алдында бетін айдай етіп, жерлеуді ойлады. С.Жүн.
