Екі көзінен жас сорғалады. ~ Солай ма, Қасымым. Біліп ем сенің мейірбан жан екеніңді, — деп ол жас жуған бетін бетіме басып, жауыннан соң ашылған аспандай жадырады… Н.Сер. ~ Қадишасын баурына қысып, екі бетінен кезек–кезек сүйіп, мәз болып қалған. Осылай құшақтарын жазбай, беттерін жас жуып екеуі біраз тұрған. І.Ес. ~ Әлде, қуанып, әлде, қорқып, қалш-қалш етіп, түк басқан салалы саусақтарымен жас жуған жүзін жасырып еңірей берген. С.Сағ.
