Ондайдан құдай сақтасын д.м. ~ Сол қол жаздың сарша тамыз ыстығында тасып шығып… құдай сақтасын, тасып шықса, жолында жатқан мына сәнді қаланы бар ғой… тіпті аузың бармайды, әйтеуір пәлекеттің бетін аулақ ете көрсін деңіз. С.Шайм. ~ Ал, мына ақсақалдың тоғыз ұл, он алты немересі бар. Шаруасы сенен де көп. Бірақ ол бірде-бір баласын ұмытып сен секілді масқара болған жоқ. Солай ма, ақсақал? — Құдай бетін аулақ қылсын,— деп шал сақалын ашулана сипады. Д.Ис. ~ Нұрлыбай мұны ойласа тұла бойы тітіркеніп салқын тердің қалай шыққанын да сезбей қалады. «Тек құдай бетін аулақ қылсын!» — дейді ішінен күбірлеп. Б.Май. ~ Мезгілсіз қаза бар өнерді, бар жақсылықты ешкімге бұйыртпай суық көрге ала кетерін білесің ғой. Тек бетін аулақ қылсын. Күйеу елінің сұсы жаман деседі. С.Жүн. ~ Ертең өзінің де көзін қарға- құзғын шұқып жатса… мұны ойлағанда Жүкең көзін тарс жұмып алып, басын шайқай берді. Құдай оның бетін ары қылсын. Ж.Сәм.
