Posted in

БЕТІН (БЕТ-АУЗЫН) ШИЕДЕЙ ҚЫЛДЫ

а) Кісі бетіне қарай алмайтындай қылды, масқарасын шығарды, әшкере қылды. ~ Кесіп алсаң, қан шықпайтын кәззап еді. Біреуін оқудағы баласына салған. «Алдым» деп жас шопандардың сыртынан қол қойған. Өз бетін аямаған кісі бетін шиедей қылады. М.Қаб. ~ «Құдайдан қорықпаған қарабет… Өзіңнің екі бетіңді ғана емес, шешеңнің екі бетін қосқанда төрт бетті шиедей қылдың ғой, сен…» деп түңілді. АҚ (“Күнә кепиеті”).
ә) Бетін қанға бояды. ~ Не жау сені жермен жексен етіп таптап кетуі керек, не жаудың бетін шиедей қылып сенің ілгері бастырмай ұстап тұруың керек. Ә.Нұрш. ~ Қабаған ит ол! — деп баж етті Катерина Ивановна, — Алексей Федорович, сіз мені неге ұстап қалдыңыз, әйтпегенде мен оның бет-аузын шиедей қылатын едім ғой! Ф.Дост.