Posted in

БЕТІН (БЕТІНЕН) ҚАҚПАДЫ

а) Қарсы болмады, оң қабақ танытты. ~ Жалпы ел-қауымның ауқымына еріп, жұрт қатарлы Көлбаршын басына көшіп орнығуға көңіл білдірген отыз үй байлардың да бетін қаққан жоқпыз. С.Ом. ~ Мен тағдырыма ерегісіп… сосын жастық па, табиғат талабы ма… келіп жүретін. Көңілім шын қаламаса да бетін қақпаушы ем. Н.Сер.
ә) Еркіне жіберді, еркелетті. ~ Ол өзі Отан соғысының мүгедегі болатын. Бұл артельде мүгедектердің бетін ешкім қақпайтын еді. С.Шай. ~ Әкесінің алты ұлының ең кішісі де осы – Құлақай. Сондықтан да оны жасынан-ақ еркелетіп, бетін қақпай өсіріпті. ҚЕ. “Құлақай”. ~ Бір жағы немере ағаларынан да көреді осы қыздың, не ұл емес, не қыз балаға лайық мінезі жоқ, еркекшора болғанын: ағекеміздің көзі деп, бетінен қақпай жіберген. Ш.Құм.