Posted in

БЕТІН КӨРСЕТТІ

Шынайы кейпін, пиғылын танытты. ~ Жұрымбайдың үйін көшіріп әкеткеннен кейін, Нұрғалидың отауында отырып: Нұрғали, Әбділда, Молдаш, мұғалім, Итқұлы — бесеуі сол оқиғаға қорытынды істеген секілденіп, өзара кеңеске кірісті. «Бұлар бетін көрсетті. Кімнің кім екенін таныдық. Енді өртті өршітпей сөндіруіміз керек!» — деді Әбділда студент. Б.Май. ~ Жуандардың өз арасынан от шығармақ болатын. Бірақ Тобыктының ку мен сұмы ұтылғандарын еңді білді. Соны біле сала, арсыз аярлыкқа басты. Өз есептерін дұрыстау үшін Базаралыны он жерден сатып, атуға аянар емес. Азғын аярлық анық бетін көрсете бастады. М.Әу.