Күнге күйіп, жел қаққан, тотыққан, қоңырқай өңді. ~ Беттерін күн қаққан, кісінің көзіне тайсалмай, тік қарайтын, денелері сымбатты өрімдей-өрімдей бозбала жігіттер. М.Мағ. ~ Екеуі өстіп тәжікелесіп, салғыласып тұрғанда бір жас жігіт қораптан қарғып түсіп, бері беттеді. Күн қаққан қоңыр жүзі қап-қара боп түтігіп кетіпті. Қолында күрегі бар. М.Қаб. ~ Қалай, балам, ат-көлік аман, көңіліңнің қошында жүрсің бе, қарағым? — деп жатыр. Күн қаққан, шомбал жүзі күреңітіп, өзінің байырғы үлкен сабырымен отырған, кеңілі жұмсақ, ақсақалдың мұңдар күйін ұғып, Мақсұт та қариядан жәй – жағдай сұрап отырды. Ж.Ахм. ~ Жамал баяғысындай емес, таралыпты. Бетін күн қақтап, ашаң тартыпты. Дөңгеленіп тұратын жұмыр иегі сүйірленіп кеткен бе қалай… Ә.Кек.
