Posted in

БЕТІН ҚАЙТАРДЫ

а) Тойтарыс берді; мысын басты; райынан қайтқызды. ~ Осы Жамал жаста болса өлеңге де, қарасөзге де бек пәле болып барады, бүгін кешке бір өзіне өлең айтып, бетін қайтаралық … М.Дул. ~ Көбейді өстіп аузына ерік беріп, әспенсітіп қойған мұның өзіне де обал жоқ… Кездескен сайын мылжыңдатып сөйлете бермей, неге бетін қайтарып тастамайды? Ә.Асқ. ~ Көбентайға да сондай сылтаудың бірін айтып, әрең бетін қайтарды. О.Сәр.
ә). Бәсеңдету, емін табу. ~ Бұл шешімім, бәлкім, сізге ерсілеу де көрінер, бірақ амал не, қанға сіңген атқұмарлық еркімнен тыс меңдеп әкетті. Оның бетін қайтара алмайтындығыма көзім әбден жеткен соң, лажсыз өтініп тұрмын. А.См. ~ Ең өкініштісі, осындай адамдардың іс- әрекеті бадырайып көзге көрінбейді тек, әйтеуір, бойға белгісіз тараған удай әрбір адал жанның жүрегін шым- шымдап сыздатады да тұрады. Әттең, сол удың бетін қайтаратын керемет бір күш болса. Д.Әш.