Қайда болса сонда, беталды, бағыт-бағдарсыз. ~ Неше дариялар мен шөлдерден асады. Мұндай көшуді қоныстан ауу дейді. Кей елдер жаудан үркіп, тұтасымен беті ауған жаққа қарай қашқан. А.Байт. ~ Биыл жазда үйден аңдаусызда шығып кеткен Күлназия, айдаламен беті ауған жаққа қаңғырып, бір ауылдың қабаған иттеріне таланады. С.Жүн. ~ Айламен аттанған Шепе, ауылдар жатқанға дейін, беті ауған жаққа қаңғырып жүрді де, ауыл оттары сөнген, жұрт ұйқыға кірген шақта өз аулына оралып … С.Мұқ.
