Posted in

БЕТІ АШЫЛМАҒАН

а). Иба-инабаты сақталған, бұзылмаған. ~ Не дегенмен бұл əлі беті ашылмаған қыз ғой деген
ой сап ете түскенде, басын көтеріп, қолын жіберді. Шапанынан тартып еді: қатып қалғандай
илікпеді. Ж.Айм. ~ Əлі беті ашылмаған нəуетек Күнікейге добалдай Байманның «жеңгей»
дегені əрі ерсі, əрі қызық, жода, жат көрініп, Күнікей бой жетіп қалғандығына көзі жеткендей
дардиып қалды. Ж.Айм. ~ Екеуі қосыла күлді. Әлі ерлі-зайыпты болып беті ашылмағандықтан ба, екеуі де қызарып кетті. С.Елу.
ә). Әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі сақталған; жат өзгерістерге бой ұрмаған. ~ Менің кішкентай
кезімде біздің ауыл беті ашылмаған, қаймағы бұзылмаған нағыз қазақы аулы еді. Тірі орыс
көрген жоқпыз – ды. Т.Ахт. ~ Онсыз да сұрғылт жүзін онан сайын бұлдырата түскен
тозаңды да сүрткісі келмеді. «Неден үріктім? Екі бетім дуылдап, қысылам. Не көрінді маған?
Құдай-ай, беті ашылмаған қыздай болдым-ау?» М.Сүн.