Талайды көрген, тәжірибелі, әккі (әйел). ~ Қатты айта алмады, айтуға бата алмайды. Беті ашылған сақа қатын мен нәресте жанды, ұялшақ Қартқожа қалай ұрысар? Ж.Айм. ~ Шынымды айтсам, беті ашылған келіндей, мен бұл кезде мектеп басшыларын онша сыйлай қоймаймын. Көбінесе, өзім мен өзім болып, жеке жүрем. Б.Соқ. ~… сол арада дәті жетіп Әзіммен бірге өткен күндерді сұрағанда, бұ да тайынбас еді; беті ашылған әйел Құдайдан жасырмаған қылығын сенен жасыра ма? Ә.Нұрп. ~ Үйбай, үйбай! О несі?! — деді, бетін ұстап: — Өзгені білмеймін, өзімді айтқызбаушымең? — дей бергенде, Ибадат беті ашылған, тұрпайы әйелді енді кеудесінен қатты итере, шалқасынан жығып түсірді де, бассалып төмпештей жөнелді. Ж.Ахм. ~ Үш жыл ішінде қыз бетіндегі жібек перде сыпырылып, «беті ашылған», тілі де қылықты келіншекке айналған. З.Шаш.
