Posted in

БЕТІ ШЫДАМАДЫ

Ұяты жібермеді, дәті бармады. ~ Ақбілек әнтек именіп, бетінің ұшы ойып алғандай қызара береді. Бекболаттың бетіне тура қарауға беті шыдамайды. Ж.Айм. ~ Əлде Бас корпустың арғы жағындағы қорамен шығып кетті ме? Мүмкін, маған көрінуге беті шыдамаған шығар. З.Қаб. ~ Дудар бас дүр қара еркектің құдды жараған бурадай, аузынан ақ көбік бұрқырап, тісін шықыр-шықыр қайрап үйелмендей боп үстіне төніп келе жатқанын көргенде, онсыз да зәресі ұшқан тыр жалаңаш әйелдің бүкіл денесі бір уыс болып жиырылып, көзін тас қып жұмып ала қойғанын айтқанда, бұл соның ар жағын тыңдауға беті шыдамай, сыртқа ата жөнеліпті… Ә.Нұрп.