Posted in

БЕТІ ШІМІРІКПЕЙ (ШІМІРІКПЕСТЕН)

Еш ұялмастан, беті бүлк етпестен. ~ «Жұрттың ойы» десе де: Ұрқияның өз ойы да осы еді. «Орыстар апарған соң не істеді екен?» деген сұрау өз аузына да келіп қайтып тұрушы еді. Бірақ өзі мынадай сорлы боп отырған «Шырайлымнан» қалай беті шімірікпей аузы барып сұрасын? Ж.Айм. ~ Бәрі де алдарындағы тышқанкөз нүктені басып- басып қалды. Жалпақ таблоның беті шімірікпей 99 депутаттың 9- ы қолдап дауыс берді деп көрсетті. Қ.Түм. ~ «Бешташтың» адресіне айтылған осы іспеттес сөздердің талайын естігенбіз дегендей, беті шімірікпестен Қаратай жай тыңдап отыр. Ш.Айт.