Жеңіліп көрмеген, рухы қайтпаған д.м. ~ Үстіне көк темір сауыт кигізіп, басына қарқаралы буғызып, беліне қанжар, сапы, садақ байлап, қолына желекті көк найза беріп, өмілдірікті ақ боз атқа мінгізіп, «мынау, оқтан, оттан беті қайтпаған Хасен батыр» десе, көз тояр еді… С.Сей. ~ Бұрын орыс-қазақтың тобынан беті қайтпаған, бурадай бұрқыраған, қарыны аттың басынан асатын саңқылдақ Сарман «Балшабай келеді» дегенде, қазанқап жамылып, жерошаққа жата қалып, күні бойы тығылып жатқан. І.Жанс. ~ Сыңар қолды Савелий ұлғайған жасына қарамастан өлі жұмыстан беті қайтпаған, шалымды да қайратты еркек. В.Рас. ~ Абырой болғанда әрнәрседен беті қайтпаған Айбар алғыр боп өсті, мектепті алтын медальмен бітірді. Д.Дос. ~ Тайлы таяғымен шығып, күн алысады, түн алысады, бірақ жаһанды жалпағынан жайлап алған қара өрттің беті қайтпайды. С.Шай. ~ Алғашқыда күзетші есікті ашып, қаһар шашып кетіп жүрді, бұл ол қоқайына ықпаған соң, бір–екі рет жақсылап сабап алды, бірақ мылқау тұтқынның беті қайтпады, өзеуреп өршелене түсті. О.Бөк. ~ Қыранымын сары сайран даланың, Қос қанатым – алтын Алтай, Оралым. Еркін дала ардақтысы, еркесі – Бетім қайтпай өскен батыр баламын. М.Жұм. ~ Ештеңеден беті қайтпай, тентек боп өскен бала, кезі келгенде өткір, ештеңеден қаймықпайтын өр кеуде жігіт болады деді әкесі. І.Ес. ~ Абай өз ойын, өз көңілінің күйін мына кеште дәл сол шабыттағы беті қайтпас қаршығадай сезді. Бүгін біртүрлі сергектік, сезімділік бар. М.Әу. ~ Шаябай беті қайтпас ердің өзі, оның да сыналатын келді кезі. «Қазаққа дайын болсын, аттанад!»—деп, Әмірлі Қоңтәжінің келді сөзі. БС “Еділ мен Жайық”. ~ Мұның енді беті қайтпайды, – деп ойлады тергеуші, – бәріне бел буған, бас тіккен адам. Керек десең, басқаны қойып, қоғамның өзін сайқал деп отыр. Қауіпті. Н.Дәу.
