а) Жүні жығылып, мысы басылды, пәс болды. ~ Кісінің қадірін білмейтін иттерге сөзін шығын ғып ақталғысы келмейді. Жә, қажеті қанша. Өмірден беті қайтып, талабы пәс боп тұрған шағы ғой. Ә.Нұрп.
ә). Бәсең тартты, екпіні басылды. ~ Бұл кезде күн екіндіге таяп, бағанағы ыстықтың беті қайта бастаған. О.Бөк. ~ Көктем шыға ауруы да бәсеңсіп, өзінен өзі басылып қалғандай болған. Кеселдің беті қайтқанға Айтқали да іштей қуанып жүрді. Ә.Асқ.
б) Тойтарыс алып, адуыны басылды. ~ … жаламаның бетінде ұстасып қалар ма екем деп қорқып ем, ұстамады, әйтеуір. Нар тәуекел, көрейін, жіберіңдер арқанды! Беті қайтты ғой, енді орала қоймас. Ғ.Біл. ~ Жау жеңілді, дұшпанның беті қайтты, енді күллі халықтың көзі ашылды. Б.Тоғ
