Posted in

БЕТІ ҚАЛЫҢ

Еш нәрседен беті шімірікпейтін, ұялмайтын адам туралы. ~ Кім де болса пиғылы арам, ниеті бұзық біреу. Әйтпесе, жесір келіншектін үйінен не алады басқа адам. Әлгі суық жүрісті кісі бұған қарсы жүрді. Екеуі бетпе-бет келді. Күренді неге мінесің деп салғаннан соқтығатын шығар деп ойлаған. Беті қалыңдау еді, сонысына баққан ол суық сазарды. Ө.Кәр. ~ Әлемнің беті қалың ба, Ұялмай тірлік жалғады. Тек өзім түстім жалынға. Ол қара басын қамдады. А.Шамш.