а) Бір жаққа қарай аяқ басты, жүріп кетті. ~ Қатындар кеткенде, Күнікей Тұяқтың қойнына қарай емес, есікке қарай бет алды. Ж.Айм. ~ Қасқырды Сәдірдің артына бөктеріп беріп, Мүсіреп қосқа қарай бет алды. Ғ.Мүс.
ә) Уақиға белгілі бір бағытта өрбіді, дамыды. ~ Жорық үлкен болуға бет алды. Ғ.Мүс. ~ Мұның бұрынғы “жорықтарынан” хабардар қауым оның тағы бір төтен іске бет алғанын көріп, қошеметін аяған жоқ. О.Сәрс. ~ … қысқа тарихи мерзімде жаңа көркемөнер мектебі қалыптасып, даму жолына бет алды. БАҚ
3.Қалай болса солай; жөн-жосықсыз. ~ Ештеңеге түсінбесе де есі шыққан кісілер бет алды құла түзге тарсылдатып атып жатты. Ә.Нұрп.
