а) Бара жатқан жолы, бағыты. ~ Сол Алтайдың бөктерінде жам жолменен жандамайлап, ала ат мінген жалғыз адам келе жатыр бейсауат. Көтегейті Күршім жақ, бет алысы — Қара-екем шаты. Ж.Айм. ~ Ұзаған сайын Тоқтардың көз алды бұлдырап, айнала бөрікше дөңгеледі. Бет алысы — Топар өзеніне құятын Жанпейістің қалың қамысы екенін шамалап келеді. Б.Тоғ.
ә) Әлдебір құбылыстың, үдерістің даму барысы, арнасы. ~ Бұл әңгіменің бет алысын жақтырмаса да Қатипа «баланың» көзінше байғұстығын көрсетпеуге тырысып отыр. Б.Тоғ. ~ Бертінгі бірер күннің бет алысы ұнамайды-ау, ұнамайды. М.Қаб. ~ Жана тәртіп, әрбір іс заңдылық, жолымен жүргізілмек деген бет алыс ел ішіне ұнамды болып таралып жатты. С.Бег.
