Posted in

БЕТ-АУЗЫН ҚИСАҢДАТТЫ

Бет-жүзін құбылтып, зәрін төкті. ~ Біраз сарнағаннан кейін, бақсы орнынан атып тұрып, үй ішінде денесін бұралаңдатып, қарғып, секіріп, бет-аузын қисаңдатып, көзін алартып, өзімен өзі арпалысып, жүгіріп жүріп сарнайды. Осы кезде ол есінен танған болып, аузына не келсе соны айтады, үйдегілерді сабайды, орынсыз нәрсеге ұрынады. С.Мұқ. ~ Әрі-бері зікір салып басыла бергенімізде, бақсы дік етіп ортамызға тұра қалды да, бет-аузын қисаңдатып, ышқынып айқай салды: − Ақ сөйлеңдер, жамағат! Арам ойлы адамды таппай қойман сірә да… Зияндасты ашармын, заһарымды шашармын. С.Ом. ~ Жетібай әнтек ыңғайсызданып, жасқана қарады. Екі қолының саусақтарын қайшы айқастырып, құр бет алды сыртылдата берді. Бет-аузын қисаңдатып, дағдарып тұр. С.Ом.