Ашудан жүзі сұрланып, түтігіп кетті. ~ Мырқының жүзі сұрланып кетті. Бет-аузы түтігіп, қалш-қалш еткен бойы маған жақындай түсті. — Бала, аузыңа ықтият бол, әмесе сотталып кетесің! Т.Бер. ~ Бұларға көрші — қырық-елу қадамдай жерде өз үйін тігіп жатқан Сейілхан ағам да осының бәрін көріп тұр екен, мәз болып қарқылдап күліп келе жатыр. Ақкүміске қамшы қатты батып кетті білем, бет-аузы түтігіп долданып күйеуін жерге көтеріп ұрды. Т.Ахт. ~ Бұрқ еткен ызадан атаманның түк басқан бет-аузы қисайып кетті. Шабатын аюдай гүрілдеп қорбаң-қорбаң жақындай берді: – Ей, жабайы киргиз, не оттап тұрсың? Мен сенің бір қолың түгіл, өзіңді қазір екі бүктеймін! Т.Сәу.
