Posted in

БЕТ-АУЗЫ БІР УЫС

Бет-жүзі шөкімдей ғана. ~ Кішкенебай жүк қоймасында жұмыс істейтін кісі. Жасы қырыққа таяу болса керек. Шошақтау иегінде бір түйір сақалы бар, бет-аузы бір уыс адам. Мұрны жүзіне лайық — шошақ. Х.Ес. ~ Бастықтың бір уыс бет-аузы аппақ қырау көмген алтайы түлкі тымақтан әзер танылады, аяздан ұшы көгерген құс мұрны ғана Мәсек екенін айтып тұр. Н.Сер. ~ Апай есікті сарт еткізіп жауып, сыртынан кілттеп қойды. Адуын арынын есіктің ішіне қалдырып, бері қарай апай мүлдем басқа адам боп бұрылды – бет-аузы бір уыс боп бүрісіп, белі бүгілген кәрі кемпір. Аяғын тәлтіректеп әзер басады. Т.Сәу. ~ Құдай дәулетті берді, бірақ көңіл тар ғой, көңілді тар ғып қойғасын қайтесің, – деп нағашы – жиендік қылып, бет аузы бір уыс кішкентай қара шалды қажап отыр. Т.Әбд.