Жүзінен ешқандай да бір қобалжудың, не ұялудың белгісі байқалмады. ~ Нені бүлдіруші едім, -деп Әкім жымиып Тәкеңе қарады.- Ағамыз айғырдай болмаса да тайға есесін жібермейді дедім. Сол-ақ,-деді, бірақ бет-аузы бүлк еткен жоқ. Әрине, Әкімнің айтқаны басқадай еді, мен әдеп үшін жұмсартып отырғаным ғой. Қ.Ысқ. ~ Жапыкең бет-аузы бүлк етпестен кірпігін қақпай, көзін бажырайта қадап тұрып: – Жоқ, оны шал қытайлар мен сарттарға сатып жібереді,– деді. Ж.Шәк. ~ Әй, ит-ау, бізге неге айта салмадың?- деп торсылдаған Қомшаға ол бет-аузы былш етпей: — Сендер уланып қала ма деп өзімді құрбандыққа шалып едім ғой,-дегені. Қ.Ысқ. ~ Сонан соң Гриша бет-аузы шылп етпестен Қазбекті әлгі жерде жатып келіп мақтаған. Жаңабеков дегенін бригада, совхоз, ол түгіл аудан жастарының маңдай алдысы екен. М.Қаб.
