Ұяттан ешкімге қарай алар емеспін д.м. ~ Пүліш: … Осы күнге шейін: «Пүліш-ау, ашуыңды әлі басқан жоқсың ба?» — дейді. Менде бет жоқ қой, сондай жылы сөзді есіткенде де жібімеймін… (Ойланып.) Қайтем? Б.Майл. ~ Содан, аяғы қызық бітіп, үйге қайтатын да мезгіл жетті. Енді қатынға қалай қарарға да, не деп барарға да бет жоқ. М.Әу. ~ Тап осы ауқымда қыздың ұзатар тойын да, қалыңдық түсірер тойын да мадақтап өткізер сіздерде де, біздерде де бет жоқ. С.Жүн. ~ Бірінші тілегім мені танымаған қалпыңызда қалыңыз. — Ол тілегіңді өзіңе ғана айт, сені таныдым деуге менде бет жоқ. Ә.Әб.
