Батыл, тік мінезді, ешкімнен именбейтін адам туралы. ~ Турашыл қарт әділдікке келгенде ешкімнің бет-жүзіне қарамайды. Ө.Кәр. ~ Майданға о баста қыр өмірінің қара долбарымен ашық-шашық барып қалған қазақ жігіттерінің соғыстың бет-жүзіне қарамайтын тезіне түсісімен өстіп жұтынып шыға келетінін өз басынан білетін. М.Қаб. ~ Дүниенің де бет-жүзіне қарамай қайыр-садақаны мол-мол үлестірген. А.Сей. ~ Бұл сөзге шешем ашуланған. Әшейінде сыйлайтын Жұмекеңнің бет-жүзіне қарамай: ― Егер осы жалғызды елдің он баласынан артық етіп, оқытып, өсірмесем Күлшәрі атым құрысын! – дегенде Жұмекең не дерін білмей отырып қалыпты. Б.Тоғ.
