Posted in

БЕТ-ЖҮЗІҢ (БАР) ДЕМЕЙ

Еш қаймықпай, жасқанбай, әй-шайға қарамай.. ~ Пыш-пыш әңгімеге мүлдем жоқ, айтарын бет-жүзің демей ақтара салатын тура мінезінен қыздар тұрмақ жігіттердің өзі қаймығып қалатын. Н.Әліш. ~ Осылайша біздің қоғамда қалыптасқан моралдық-парасаттылық нормаларының қаншалықты құлдырағанын бетің-жүзің демей жіпке тізіп айтып бердіңіз. Қ.Сартқ. ~ Түсте ары келіп, бері келіп бет-жүзің бар демей пергілеген сергітер леп бар. М.Қаб. ~ Мінезі шәлкестеу адам. Қазір мына науқан кезінде бос жүрген адам көрсе бет-жүзің бар демейді, бірдеңе деп тастар. C.Мұр.